Ел жаңалықтары

24 қазанға арналған ауа райы болжамы

  • 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

    24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 24 қазан, сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скандинавия аймағынан жылжып келген циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе с олтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан жылжып келген антициклонның әсерінен еліміздің оңтүстік-батысында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең - көктайғақ.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны - 18 м/с.

Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Павлодар облысында &ndash көктайғақ. Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30