Ел жаңалықтары

24 сағат сайын гидрохлор мен тышқанға қарсы умен дезинфекциялайды: Алматыдағы тазалау жұмыстары (фото, видео)

  • 24 сағат сайын гидрохлор мен тышқанға қарсы умен дезинфекциялайды: Алматыдағы тазалау жұмыстары (фото, видео)

    24 сағат сайын гидрохлор мен тышқанға қарсы умен дезинфекциялайды: Алматыдағы тазалау жұмыстары (фото, видео)

Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланып, тазалау және дизенфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда тазалау мен дизенфекция жұмыстары қаншалықты жиі жүргізіледі, ол препараттардың құрамына не кіреді және ол адамдарға зиян ба деген сұрақтардың жауабын Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Данияр Әбдрешов тазалау жұмыстары күніне екі рет, ал дезинфекция тәулік сайын жүргізілетінін айтады. Ал дезинфекциялау препараттарының кейбірінің құрамында тышқан уы да бар екен.

 

"Көшені жуу жұмыстары күніне екі рет жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері жұмыстар жүріп жатыр, қатаң тәртіп сақталуда", - дейді  Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасындағы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Данияр Тойлыбайұлы.

Бостандық ауданы әкімшілігі көріктендіру бөлімінің бас маманы Оразымбетов Нұрсұлтанның айтуынша, қаланы тазалау жұмыстары 24 сағат сайын жүргізіледі, өз ауданында 8 бригада, 20 шақты адам жұмыс істейді.

"Қазіргі уақытта аудандық мердігерлер ұйымы мен Бостандық ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып, санитарлық тазалық бойынша дезинфекция жұмыстары аудан аймағы ұйымдарының басшысынан бөлек 8 бригада, 20 шақты адам ұйымдастырылып құрылды. 

Аудан аймағы бойынша төрт бағыт бар. Бірінші бағыт аудан аймағында орналасқан көше, жаяу жүргінші жолдары, көлік аялдамалары, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер бар. 

Екінші бағыт аудан аумағында орналасқан 309 гектардан тұратын бірнеше саябақ, гүлзар, скверлер соның ішінде орналасқан балалар алаңдар, жаяу жүргінші жолдарына дезинфекция жұмыстары күнделікті жүргізілуде. 

Үшінші бағыт: жер үсті өткелі, жер асты өткелі. Төртінші бағыт: аудан аумағында орналасқан 300-ге жуық қоқыс алаңдары бар. Оның ішінде 1290 жуық контейер бар. Әр контейнердің ерекше жеке дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта қатаң бақылауда", - дейді ол.

Маманның айтуынша, дизенфекция жұмыстары гидрохлорид қоспасымен жүргізілуде: хлор мен су. Гидрохлорид қоспасы адамға зиян емес және дизенфекциялау жұмыстары барысында адамдар көшеде еркін қозғала бере алады. Ал қоқыс контейнерлерін тышқанға қарсы у "Дерат" және "Дезостерил экстра" дезинфекциялау препараттарын қолданады. 

 Карантин режиімін жарияланғаннан бері 246 көше мен жаяу жүргіншілер жолы, аялдама, 4 парк, 9 желекжол мен  9 саябақ тазаланған. 

 

 

 

 

 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30