Ел жаңалықтары

25-30 мың теңге: Қазақстанда интимдік қызмет көрсететін жігіттердің саудасы қызып тұр

  • 25-30 мың теңге: Қазақстанда интимдік қызмет көрсететін жігіттердің саудасы қызып тұр

    25-30 мың теңге: Қазақстанда интимдік қызмет көрсететін жігіттердің саудасы қызып тұр

Елімізде әлеуметтік желілер арқылы тән саудасын ұсынатын ер азаматтар көбейген. Мәселен, бір сайттың өзінде 300-ден аса еркек жезөкшелер интимді қызмет көрсетеді екен. Әсіресе, 18 бен 40 жас аралығындағы жеңіл жүрісті жігіттердің жарнамасы қызып тұр. Интимдік қызметінің сағатын саудалайтын жігіттер пандемияға қарамай қызмет етуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасыны сілтеме жасап хабарлайды.

- Алло, сәлем. 
- Сәлем.
- Есімім Диана болады. Сіз жұмыс істейсіз ғой, иә. 
- Бүгін бос емеспін. 
- Қашан бос боласыз? 
- Жасыңыз нешеде? 
- 29-да . 
- Аха, ертең. 
- Үйде қабылдайсыз ғой, иә. 
- Ертең түстен.  
- Бағасы неше тенге болады бір сағатқа? 
- Жазылып тұр ғой, 10 мың деп.

 

Бұл тілші мен қызметін ұсынған жігіттің арасындағы әңгіме. Әлеуметтік желіде тәнін саудалайтындардың прайсы тайға таңба басқандай жазылып тұрғаны рас. Мәселен, олар өз үйінде қабылдайтын болса 15-20 мың теңге аралығы, ал өзі баратын болса 25-30 мың теңге. Тіпті тегін қызмет көрсететіндері де кездеседі екен. Сайттағы 18 бен 40 жастағы еркектер дене, жыныс мүшелерінің бейнесін жарнамалап қызықтыратын көрінеді. Бірінен-бірі асып бойының, жыныс мүшесінің ұзындығын, салмағын жарнамалап жарысады. Мәселен, сайттарда 300-ден аса интимдік қызмет ұсынатын жігіттер жарнамасы бар.

"Жезөкше" жігіттердің жалпы бағасы қандай, қандай қызмет ұсынатынын білу үшін арна тілшісі бірнешеуімен алдын ала кездесу белгілеген. Өзін Арсен деп таныстырған жігіт белгіленген уақытта клиенті барын, жарты сағатта ғана босайтынын жеткізген. Тілшінің үйге кірмей, сыртта кездесейік дегеннен сезіктенген болуы керек, кездесуге келмеген. Ал екінші келісілген кездесуде бойы ұзын, сымбатты жігіт күтіп алған.

Өзін Дамир деп таныстырған "жеңіл жүрісті" жігіттің бұл кәсіптен нәпақа тауып жүргеніне 1 жылдан асыпты. Қызметін барынша "өткізу"  үшін тәжірибесі барын, кез келген нәрсені жасай алатынын, тіпті ай сайын медициналық тексеруден өтіп тұратынын да айтып үлгерген. 22 жастағы жігіт қазір клиенттердің көп болмауына байланысты аптасына шамамен 2 адам қабылдайтынын айтқан. Басқа жұмыс істемейді.

Өз тәнін саудаға салатын жігіттердің көбісі бұл кәсіппен қосымша табысы ретінде айналысатын болса, негізгі жұмысы ретінде күнін көріп отырғандар да бар. Десе де мұндай жігіттер жәйдан-жәй пайда болған жоқ, сұранысқа ұсыныс білдіріп отыр. Жалғызбасты, ауқатты, күйеулерінен ләззат ала алмай жүрген келіншектердің ермегі. Сол себепті де, оңай ақшаға көбіне сымбатты, көп нәрсеге жауапкершілік алғысы келмейтін жігіттер жүгінеді, дейді сексолог.

"Бұл үлкен қоғамдық мәселе. Бұл тек қана кішкентай бөлімнің мәселесі емес. Ол еркектердің жалпы қазір көбеюі сұранысқа байланысты. Яғни осындай агрессивті, жалғыз басты, ақшасы бар қыздар. Менің естігенім бойынша тіпті тұрмыста болса да, басқа бір қызықты нәрсе қалаған азаматшалар бар. Осындай жігіттерге өздері сұраныс көрсеткендіктен осындай сұлу жігіттер, өздерін қинағысы келмейтін жігіттер осылай оңай жолды таңдағысы келеді", - деді сексолог Салтанат Мурадова.

Психолог Ержан Мырзабаев та эскорттық қызметте жүрген жігіттерді табыс табудан бөлек жыныстық қатынастан ләззат алу үшін айналысатынын тілге тиек етті.

"Бұл жерде ер кісі, әйел кісі деп ажыратудың керегі жоқ. Көбіне әйел кісілер бұл қызметті көрсетеді, бұнымен айналысады деген кең таралған миф. Негізі ер кісілер де аз айналыспайды. Кейбір кісілер эскорттық қызметті қызығушылықпен көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастан ләззат алу. Әртүрлі серіктестермен бірге болу сияқты қызығушылықпен өткізеді", - дейді ол.

Ал, қоғам белсендісі тән саудасында көбіне студенттер мен күзетшілер көп жүреді деген пікірде. Оларды әлеуметтік жағдайының төмендігі мәжбүрлеп отыр дейді.

"Мұны азғындық дейміз бе, басқа дейміз бе, пайда болып отыр. Көбіне ондайға баратындар студенттер. Қазақ жігіттерінің көбісі күзетші болып жүр ғой. Көбіне күзетшілер ғой айналысатын. Сондықтан да бұл қоғамның проблемасы", - деді қоғам белсендісі Оралбек Өтеғұлов.

Біле білсе интимдік қызметті кәсіп ету ер азаматтардың денсаулығына да зиян. Өйткені жыныстық қарым-қатынастың белгілі бір реті болады. Сонымен қатар отбасылық өмірінде әйеліне көңілі толмаушылық және балаларына мейірім білдіре алмау сынды кері әсерлері болуы мүмкін, дейді мамандар.

 
 

 




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30