Ел жаңалықтары

25 жасар мұғалім жарыс кезінде көз жұмды

  • 25 жасар мұғалім жарыс кезінде көз жұмды

    25 жасар мұғалім жарыс кезінде көз жұмды



Павлодар облысы Аққұлы ауданының Майқарағай ауылында жазатайым оқиға орын алды. Волейбол бойынша жарыс кезінде тарих пәнінің мұғалімі Ильдар Вахитов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz басылымына сілтеп.


павло


Қаза тапқан мұғалімнің әріптестерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жыл сайын аудандық кәсіподақ өткізетін дәстүрлі волейболдан жарыс кезінде орын алған.


"25 жасар Ильдар Вахитов топ көшбасшысы ретінде негізгі құрамда болған. Бірақ біраз уақыттан кейін дем жетіспей, қысым көтеріліп, ол қосалқы орындыққа отырды", - деп хабарлады мектеп директоры Қанат Сұлтанғазин.


Оның айтуынша турнирде кезекшілер алғашқы көмек көрсеткенімен, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.  


"Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін 100 шақырым. Ильдар, өкінішке орай, оған жете алмады. Біз барлығымыз үшін ол дос болды, барлығымыз үшін бұл үлкен соққы", - дейді директор. Ауыл тұрғындары мен барлық педагогикалық ұжым жас мұғалімнің туған-туыстарына көңіл айтты.


Ол отбасында жалғыз бала болды. Оның артында әйелі мен бір жасар ұлы қалды. 10 қараша 2019 жыл Ильдар 26 жасқа толатын еді.


Жақындарының айтуынша, ол өткен жылы Павлодарда тексеруден өткен. Дәрігерлер оның бүйрегіндегі тромб барын анықтаған.


"Білуімше, оған арнайы емдеу шаралары жүргізілген, ол мамандарды қатаң түрде тағайындап, емшараларға үнемі барып отырды. Қан қысымы оны жиі мазалайтын", - деді әріптестер.


 




 

 


 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 23:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30