27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

26 ақпан 2022, 19:06

Синоптиктер 27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«Ауқымды антициклон Қазақстанның барлық аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Тек еліміздің батысында Оңтүстік циклон шұңқырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, ҚР-ның батысында, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

 

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады, солтүстігінде тұман түседі.

 

Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман түсіп, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді.

 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.