Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

27 тамызға арналған ауа райы болжамы

27 тамыз 2020, 09:59

27 тамыз күні республика аумағының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сонымен қатар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ болжанады.

Алматы облысының кей жерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с артады. Кей жерде тұман, бұршақ күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды ​​облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде, Жамбыл облысының батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

 

BAQ.KZ