28 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

22 желтоқсан 2021, 16:44

Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі. Алайда қазір батыстан антициклон жылжып келеді.

Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады.

Республикамыздың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Оның әсерінен жаңбыр жауады. Осылайша оңтүстікте желтоқсан айы үшін өте жоғары температура сақталады.