28 қазан күнгі ауа райы болжамы

28 қазан 2020, 08:31

28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады &ndash жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман болжанады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.