28 шілдеде Қырғызстанға Қазақстанның QazVac вакцинасы жеткізіледі

28 шілде 2021, 01:14

Ералы Тоғжанов бұған дейін QazVac вакцинасы Қырғызстанға тамыз айынан ерте жеткізілмейді деп хабарлаған еді.
Қазақстандық инактивті QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға сәрсенбі, 28 шілдеде жеткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның өңірдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гуманитарлық көмек Қырғызстанға сәрсенбі күні түстен кейін Бішкек маңындағы "Ақжол" бақылау-өткізу бекетінде табысталады деп жоспарлануда. 

 
Іс-шараға Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев пен Қазақстан елшісі Рапиль Жошыбаев қатысады.

Еске сала кетейік, 23 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бірінші кезекте билік өз азаматтарын вакцинамен қамтамасыз етеді, содан кейін барып олар оны басқа елдерге жеткізеді, ал бұл 2021 жылдың тамызынан ерте болмайды деген.

QazVac (QazCovid-in) – адъювант-алюминий гидроксиді қосылған, тазартылған қазақстандық инактивацияланған вакцина. Вакцинаның алғашқы зерттеулері 2020 жылдың маусымында жүргізіліп, екпені шығарушылар онымен шілде айында вакцинацияланды, ал қыркүйекте 44 еріктілерге алғашқы фазалық сынақтар басталған.

Тестілеудің соңғы кезеңінде 3 мың адам қатысты. Вакцинаны шығарушылардың айтуынша, екпе жоғары қауіпсіздікті көрсеткен және вакцинацияланған еріктілерде антиденелер қалыптасқан.