+28°C: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қалай болатынын айтты

04 сәуір 2022, 15:02

"Қазгидромет" синоптиктері 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны +20...+28 C-қа дейін жетеді.

Алматыда 5 сәуірде күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +14C, күндіз +24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде +16...+18C, күндіз +26...+27 C болады.