2ГИС қосымшасы App Store-дан жойылды - БАҚ

24 қыркүйек 2022, 14:45

2ГИС картографиялық сервисінің қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті , - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі iphones.ru сайтына сілтеме жасап жазды.

Бұқаралық ақпарат құралдары оны іздеуде, сондай-ақ, Сатып алу тарихында табу мүмкін емесін хабарлайды.

 

Қосымшаның ресми түрде неге жойылғаны белгісіз.

 

Бірақ бұл бағдарлама АҚШ-та бұған дейін санкцияланған Сбербанкке тиесілі болды.

 

2ГИС - 1999 жылдан бері қала карталарымен аттас электрон анықтамалықтарды шығарумен айналысатын халықаралық картографиялық компания.