3-4 мамыр күндері Елордада үсік жүреді

01 мамыр 2022, 21:54

Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйеніп жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Ведомство «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, 3 және 4 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүретінін хабарлады.

 

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын орындап, жылы киініп жүруді ескертті.