3-5 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады

03 сәуір 2018, 09:44

Қазақстанда 3-5 сәуірде ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады.
«Алдағы үш тәулікте антициклонның ықпалымен Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі», – делінген хабарламада.

5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 5…13 градус, оңтүстікте плюс 20…28 градусқа дейін көтеріледі.

4-5 сәуірде батыста жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел соғып, ауа температурасы төмендейді.