Ел жаңалықтары

"3 градусқа дейін суытады": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

  • https://vestikavkaza.ru

    https://vestikavkaza.ru

Қазгидромет синоптиктері 3-5 қыркүйекке болжам жасады.


"Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр жауып, күннің суытуына әкеп соққан циклон алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына ықпал етеді. Осы циклонмен бірге суық атмосфералық фронттар оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлер арқылы жылжиды", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ ауа райы болжамына сүйенсек, циклон мен фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік облыстарда ауа температурасы төмендейді, ал солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады.


"Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің кей аудандарында түнгі уақыттарда 1-3°С үсік болуы мүмкін", - деп ескертеді Қазгидромет.


Дабылды ескерту


3-4 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде кей жерде 1-3 градус үсік жүреді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.


Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қыркүйекте түнде 1 градус үсік жүреді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.


Ірі қалалардағы ауа райы


3 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда түнде 7 градус нөлден жоғары, ал күндіз 15 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде плюс 19, күндіз плюс 25 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +14 градусты көрсетсе, күндіз 28 градусқа дейін жылынады.


4 қыркүйекте елордада түнде 9 градус жылы, күндіз +19 градус болады. Алматыда түнде 20 градус нөлден жоғары болса, күндіз 22 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 16 градус, күндіз 26 градус жылы болады.


5 қыркүйек астанада түнде 12, күндіз 13 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +16, күндіз +26 градус болды. Шымкентте түнде 16 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +27 градусты көрсетеді.


sputnik


 


 


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30