Ел жаңалықтары

3 мың жыл бұрынғы қала табылды

  • 3 мың жыл бұрынғы қала табылды

    3 мың жыл бұрынғы қала табылды

Ежелгі Мысыр тарихы қайтадан бұқараны елең еткізді – 61-ші ғылыми экспедиция археологтары үлкен қала тапты деп хабарлады sputnik.kz

Кейбір ғалымдар бұл олжаның басты құндылығы пирамидалар еліне туристердің қызығушылығын қайта ояту мүмкіндігі деп санайды. Ал археологтар болса жоғалып кеткен "Алтын қаланың" ашылуы соңғы онжылдықтардағы ең үлкен айтулы оқиға екеніне сенімді.

Үлкен қала бұған дейін алпысқа жуық халықаралық экспедиция болып қайқан аумақтан табылды. Археологтар Тутанхамон жерленген храмды іздеген. Бұл перғауынның әйгілі саркофагы көп жыл бойы Ежелгі Мысырдың символына айналған болатын. Алайда мамандар әлдеқайда құнды олжаға тап болды.

Жас шамасы үш мың жыл деп болжанған қалада қазірдің өзінде көптеген құрылыс табылды. Олардың қабырғаларының биіктігі үш метрге жетеді. Сондай-ақ көне керамиканың сансыз көп үлгісі, адам мәйітінің қалдықтары және жануарлар сүйегі табылды.

Түрлі елдегі мысыртанушы мамандар "Алтын қаланы" зерттеу ежелгімысырлық өркениеттің көп құпиясының бетін ашатынына сенімді




Көрілген: 248    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31