Ел жаңалықтары

«30 жылдыққа орай мемлекет халықтың несиесін кешіруі керек» – депутат

  • «30 жылдыққа орай мемлекет халықтың несиесін кешіруі керек» – депутат

    «30 жылдыққа орай мемлекет халықтың несиесін кешіруі керек» – депутат

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев азаматтардың берешегі өтіп кеткен 199 млрд теңгелік несиесін кешіріп, оларға рақымшылық жасауды талап етті. Осы талапты депутаттар үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смаиыловқа қойып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан халқының банктердің алдындағы қарызы көбейіп бара жатыр. Қазіргі таңда халықтың 27 пайызы банктер борышкер, Ипотекалық несиелелер берешегі 2,7 трлн теңгеге жетіпті. Тұтынушылық мақсаттағы несиелер 5,19 трлн теңгеге жетсе, мерзімі өткен берешек 199 млрд теңгені құрап отыр. Елде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң бұрыннан жұмыс істеп келеді. Бірақ жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жоқ. Біз бұған дейін де осы мәселені көтергенбіз», - деді депутат.

Оның айтуынша, халық қарызға белшесінен батып барады. Депутат банктер коллекторлардың артына тығылмай, ашық жұмыс істеуі керектігін мәлім етті.

«Банктер қарақшыдан сорақы болып барады. Қарақшының өзі соңғысын тартып алмаған. Олар әлеуметтік көмек пен хейнетақыға дейін қолға салып отыр. Амалы қалмаған адам өз-өзіне қол салады», - дейді ол.

Азамат Әбілдаев қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасап отырған мемлекет қаржылық қиындыққа тіреліп отырған азаматтарға да рақымшылық жасалуы керектігін мәлім етті.

«Олар да қоғамның бір бөлшегі. 199 млрд теңге – мемлекет үшін түкке тұрмайды. Осыған байланысты оларға рақымшылық жасауды, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң енгізуді сұраймыз», - деді ол.




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31