Ел жаңалықтары

+35°C: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • https://vecherka74.ru

    https://vecherka74.ru

Синоптиктердің болжамынша, Иран аймағынан ығысатын жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, еліміздің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +25…+30°С дейін, кей жерлерде +35°С дейін жоғарылайды.


"Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жауса да, күн жылы болады. Күндіз сынап бағанасы +20…+28°С дейін жоғарылайды", - делінген хабарламада.


Тек батыс облыстарда Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен күн салқындайды.


Мегаполистердегі ауа райы


Нұр-Сұлтан


17 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз ауа температурасы +21°C, түнде +14°C жылы.

18 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +25°C, түнде +15°C.

19 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы +24°C, түнде +16°C жылы болады.


Алматы


17 қыркүйекте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21°C, түнде +13°C.

18 қыркүйекте ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Сынап бағанасы күндіз +24°C, түнде +14°C көрсетеді.

19 қыркүйекте де күн ашық, ауа температурасы +28°C ыстық, түнде +19°C жылы.


Шымкент


17 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы күндіз + 26°C, түнде +14°C.

18 қыркүйекте де ауа райы жауын-шашынсыз, сынап бағанасы күндіз +29°C ыстық, түнде +16°C көрсетеді.

19 қыркүйекте күн ашық, күндіз +32°C ыстық, түнде +17°C жылы.


 




Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20190916/11534707/Qazgidromet-aua-raiy.html


 


 


 


 


 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 14:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31