+38 градусқа дейін: Елімізде күн қайта ысиды

08 тамыз 2022, 11:39

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік антициклонның сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, солайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі шуақты ауа райы орын алады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Солайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы мүмкін. 

Ауа температурасы күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С болады.

Stan.kz