4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

04 қараша 2018, 11:25

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Республиканың кейбір аймақтарында жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болы ықтимал. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

baq.kz