Ел жаңалықтары

40 градус: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • © Knews.kg

    © Knews.kg

20-22 маусымда Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн ашық әрі ыстық болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.


Синоптиктердің мәліметінше, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 36-40 градусқа дейін көтеріледі.


Республикамыздың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.


"Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар кей жерде ғана найзағайлы өткінші жаңбыр алып келеді", - деп жазылған хабарламада.


Дабылды ескерту


20-21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланды. Найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз дауылды желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр.


Ірі қалалардағы ауа райы


20 маусымда Нұр-Сұлтанда ауа температурасы түнде 12 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 21 градусты көрсетеді. Алматыда түнде 19, күндіз 29 градус ыстық. Шымкентте түнде 19 градус болса, күндіз 32 градусқа дейін ысиды.


21 маусымда астанада түнде 13 градус, күндіз 23 градус жылы. Алматыда ауа температурасы түнде 21 градус, күндіз 30 градус ыстық. Шымкентте түнде 21 градус нөлден жоғары болса, күндіз 33 градус аптап ыстық.


22 маусымда елордада түнде 14 градус, күндіз 24 градус. Оңтүстік астанада түнде 22 градус жылы, күндіз 29 градус. Шымкентте түнде 21 градус нөлден жоғары, ал күндіз 32 градус ыстық.


 Sputnik




Көрілген: 757    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 17:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31