Ел жаңалықтары

42 500 теңгенің қорытындысы: шетелге көшкендер мен түрмедегілер де өтініш берген

  • 42 500 теңгенің қорытындысы: шетелге көшкендер мен түрмедегілер де өтініш берген

    42 500 теңгенің қорытындысы: шетелге көшкендер мен түрмедегілер де өтініш берген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемін жасау бойынша қорытынды жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, informburo.kz дерегіне сүйене отырып.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде жұмыс берушілердің өндірістік қызметі мен жұмысшылардың жұмыс орнына қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар қабылдаған. Мәселен, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы қабылданды. 2020 жылы жұмыспен қамту шаралары 1,2 миллион адамға жетеді.

Сонымен қатар, мемлекет төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларды қолдау мақсатында әлеуметтік төлем тағайындады.

Вице-министрдің айтуынша, алғаш рет 194,2 млрд теңге сомасындағы 4,6 млн төлем тағайындалды. Оның ішінде бірінші айға 158,9 млрд теңге сомасында 3,7 млн, екінші айға 35,4 млрд теңге көлемінде 834 мың төлем тиесілі. Екінші айда 2,9 миллион адамға төлем ұзартылды. Бұл мақсатқа 122,2 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, кейбір азаматтардың өтініші төмендегі себептер бойынша қанағаттандырылған жоқ:
жұмыссыздық мәртебесінің болуы;
қайтыс болған адамдардың атынан жалған өтініш жолдау;
шетелге шығып кеткен адамдардың атынан өтініш беру;
қамауда отырған адамдардың өтініші;
төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорын қызметкерлерінің өтініші;
белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініші.

«Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұдан бұрын төлемнен бас тартуға шешім қабылдаған азаматтардың өтінішін қайта қарайтын болды. Ол үшін азаматтар аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтінішін беруі керек», - деді Ақмәди Сарбасов.

 

 




Көрілген: 581    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 08:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31