+42 градус: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

01 тамыз 2023, 21:54

Синоптиктер сәрсенбіге, 2 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

 

"Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Республикамыз бойынша жел күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік өңірде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз дауыл тұрады, бұршақ жауады деп болжанады", делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, синоптиктер Алматы облысында күндіз +40+...42°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжайды;

 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз +35...+40°с дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.

 

Болжамға сәйкес, жоғары өрт қаупі мына өңірлерде тіркеліп отыр:

 

 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде;

 

төтенше өрт қаупі – Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, ШҚО,Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары, Қостанай, Ақтөбе өңірлерінің оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz