43 градус: Алдағы күндері кей жерлерде күн күрт ысыйды

02 тамыз 2021, 14:43

Қазақстан бойынша 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

 

«Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Онда әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін», - деп хабарлады «Қазгидромет».

 

 

 

24.kz