Ел жаңалықтары

450 градуста қайнап кеткен: Екібастұзда көз жұмған азаматтың әйелі мәлімдеме жасады

  • 450 градуста қайнап кеткен: Екібастұзда көз жұмған азаматтың әйелі мәлімдеме жасады

    450 градуста қайнап кеткен: Екібастұзда көз жұмған азаматтың әйелі мәлімдеме жасады

Қаза тапқан Екібастұз тұрғынының әйелі күйеуінің өліміне ЖЭС-тың бірнеше қызметкері кінәлі деп отыр. Сондай-ақ цех басшысы болып жұмыс істеген бір ғана адам айыпталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
450 градуста қайнап кеткен: Екібастұздағы ЖЭО-да қайтыс болған ер адамның әйелі мәлімдеме жасады

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

39 жастағы Ержан Жақсыбаев 2019 жылы жұмыс уақытында қайтыс болды. Ол түнгі ауысымда қызмет еткен. Сотта белгілі болғандай, ер адам құбырдағы тесікті тексеруге барған. Осы сәтте апат болды. Нәтижесінде жұмысшы қаза тапты.

"Ол жерде құбыр жарылған. 450 градус болған, ол қайнап кетті. Естігенімше, ол 18 метрге ұшып кеткен. Мен әділдіктің болғанын, кінәлілердің жазаланғанын қалаймын. Біреудің әкесі, біреудің күйеуі мұндай ажалмен өлмесін", - деді жесір әйел Динара Жақсыбаева.

Оқиғадан кейін еңбек инспекторлары тексеруді бастады. Оның қорытындысы жұмыс берушінің 100 пайыздық кінәсін анықтады.

Полиция қызметкерлері осыдан кейін "міндеттерге адал қарамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа тек бір адам, яғни цех басшысына қатысты материалдар келіп түсті.

Айыпталушы облыстық сотта өзінің Ержан Жақсыбаевтың өліміне кінәсіз екенін сөз етті. Айтуынша, оқиғаға қатысы бар 19 адамның ішінде тек ол ғана жауапқа тартылып отыр екен.

"Мен бұны абайсызда болған жағдай деп ойлаймын. Ол жерге бармауы керек еді. Ол қауіпсіздік техникасының нұсқаулығын бұзды", - деп мәлімдеді айыпталушы бүгін Павлодар облыстық сотында.

Бұл ретте Динара Жақсыбаева сотталушымен келіседі. Ол күйеуінің өліміне кінәлі адамдардың барлығы жауапкершілікке тартылады деп үміттенеді. Әйел адам олардың бас бостандығын айыруды талап етеді.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сотта цех басшысы шартты түрде екі жылға сотталды.

Өзінің жұбайымен Динара 10 жыл өмір сүрді. Оның сөзінше, күйеуі ЖЭС-да да 10 жылға жуық жұмыс істеді. Ер адамның бірінші некесінен баласы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, ажыратылып кеткен құбырдан шыққан қайнаған су 2019 жылы 26 қаңтарда ер адамды күйдірген болатын. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды. Ол кезде мамандар қазандық агрегатының құбыры үзілгенін хабарлады.




Көрілген: 2350    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 19:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29