5 адамның өліміне себепкер болған: Нұр-Сұлтанда жол апатын жасап, қашып кеткен күдікті ұсталды

25 қазан 2021, 15:40

Биыл 30 қыркүйек күні елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болды. Бүгін аталмыш жағдайға қатысты тергеу барысы айтылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжан Әбілов 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көпірде болған жол апатының мән-жайы туралы айтып берді. 

 
"Иә, аталған жол-көлік оқиғасы қоғамды бейжай қалдырмады. Қазіргі таңда елорданың полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Нақты айтқанда, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес жол ережесін бұза отырып, 2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болу және 347-баптың 1-тармағына сәйкес оқиға орнынан кетіп қалуға қатысты тергеу жүріп жатыр. Апат орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдікті деп танылған 19 жастағы елорда тұрғыны бүгінде 2 айға уақытша қамауға алынды. Жол апатының уақытына келсек, ол бізде нақты тіркелген. Түнгі сағат 00:18-де болған. Бұл - біздегі ресми дерек", - деді Әбілов. 


Шымкент базарында 75 жастағы зейнеткерге дөрекілік танытқан полицейлер жазаланды
Қазақстанда автокөліктерге әдемі нөмір ғана емес, әріптік белгілерді де сатып алу мүмкін болмақ

Еске сала кетсек, аталған жантүршігерлік апат 30 қыркүйек күні түнде болды. "Toyota Camry" автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режімін сақтамаған. Салдарынан көлік жүргізушісімен қатар тағы 4 адам жан тапсырды.