5 қазанға арналған ауа райы болжамы

05 қазан 2021, 09:51

Циклон әсерінен солтүстік, орталық және шығыс жаңбыр, қар жауады. Жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

aikyn.kz