Ел жаңалықтары

50 сыныптың тек 10-ында терезе бар: Атырау облысының шенеуніктері оқушыларды әбігерге салған "терезесіз мектеп" үшін жазаланды

  • 50 сыныптың тек 10-ында терезе бар: Атырау облысының шенеуніктері оқушыларды әбігерге салған

    50 сыныптың тек 10-ында терезе бар: Атырау облысының шенеуніктері оқушыларды әбігерге салған "терезесіз мектеп" үшін жазаланды

Аудандық білім бөлімінің басшысы мен Атырау облысы Жылыой аудан әкімінің орынбасары терезесі жоқ мектептің жұмыс жасап тұрғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ата-аналар балаларының 18 жыл бұрын салынған білім ошағында демалатын мүмкіндігі жоқ екенін айтып, шағымданған. Қапырық сыныптарда оқушылар үнемі терлеп, содан кейін ауырады. Осыған байланысты олардың көпшілігі балаларын мектепке жіберуден бас тартады.

 "Нұр Отан" партиясы мектепті тексергеннен кейін бұл ғимарат 2003 жылы пайдалануға берілгенін анықтаған. 50 сыныптың тек 10-ында ғана терезе бар. Бұдан бөлек мектептегі желдету жүйесі мүлдем жұмыс істемейді.
Мұғалімдердің айтуынша, олар мүмкіндігінше әдебиет, әлем тарихы секілді ауызша пәндерді сыртта өтуге тырысады, себебі балалар тар әрі ыстық сыныптарда ақпаратты қабылдамайды дейді олар.

"Партияның Жылыой аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қыркүйек айының соңына дейін қайта құру бойынша терезелерді қайта жабдықтау бойынша жұмыстарды және қазан айының соңына дейін желдету жүйесі жұмыстарын бір реттілікке қою ұсынылды", - деді партияның Атырау облыстық филиалында.

Сонымен қатар, партия филиалының ақпаратына сәйкес, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Қақпанбаевты партия қатарынан шығарып, аудан әкімінің орынбасары А.Шәкіровті ескерту түрінде партиялық жауапкершілікке тарту айтылған.




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 16:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30