Ел жаңалықтары

«55 миллиард теңге бөлінеді»: Елімізде жаңа жәрдемақы берілетін болды

  • фото: kznews.kz

    фото: kznews.kz

Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі пайда болады. Ол бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға төленеді, деп хабарлайды sn.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

 

Депутат Жанат Омарбекова заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар мүгедектік тобына тағайындалған мүгедек балаларға көтерілген жәрдемақыны тағайындау мерзімдерін анықтауға, күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау тәртібін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізгенін айтты.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң жобасы бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға – мүгедектік себептеріне қарамастан жеңілдіктер енгізуді көздейді деп мәлімдеді.

 

Министрліктің мәліметінше , бірінші топтағы 66 мың мүгедектің ішінен әрбір үшінші адамға күтіміне байланысты жәрдемақы да, жеке көмекшінің қызметі де берілмейді. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім бойынша жәрдемақы қосымша күтімді қажет ететін қосымша 24 мың адам ала алады.

 

Жалпы алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған заң жобасының нормаларын жүзеге асыруға 55 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр .

 

 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30