Ел жаңалықтары

57 жастағы Ақтөбе тұрғыны әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап шеруге шықты

  • 57 жастағы Ақтөбе тұрғыны әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап шеруге шықты

    57 жастағы Ақтөбе тұрғыны әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап шеруге шықты

Ақтөбелік кейуана «Әйелдің зейнет жасы төмендесін» деген плакат ұстап, бір өзі шеруге шықты, деп хабарлайды Диапазон сайты.

Мәдениет үйінің алдында наразылық шеруіне шыққан 57 жастағы Ольга Смирнова – еліміздегі әйелердердің зейнет жасын қысқартуды талап етуші әйелдер қозғалысының өкілі. Ол өздерінің әні мен онлайн-петициясы бар екенін айтты.

"Біздің egov.press сайтында 157 002 адам қол қойған №942 онлайн-петициямыз бар. Аталған құжатты премьер-министрге жолдағымыз келеді. Біздің арамызда өмірінің 20-30 жылын еңбекке арнаған азаматшалар бар. Созылмалы аурулары барлар 55 жасында жұмыс істей алмайды. Бізге зейнеткерлер де қосылып жатыр", – дейді Ольга Смирнова.

Наразылық шеруге жалғыз шыққан әйел зейнеткерлікке шығуды күтіп жүруге денсаулығы жарамайтынын айтты.

«63 жасқа дейін жетем бе, жоқ па білмеймін. Зейнетақы оған жету үшін емес, уайымсыз өмір сүріп, сүйікті ісіңмен айналысып, немере бағу үшін берілмей ме?», – деді наразылық білдіруші.

 




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 20:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31