Ел жаңалықтары

6 облыста үсік жүреді, 3 облыста қатты ыстық болады

  • https://aqparaq.kz/

    https://aqparaq.kz/

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

5 маусымда түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Сол күні жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

 

5 маусымда Қарағанды қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с жетеді.

 

5 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Сол күні Петропавлда 1-3 градус үсік жұруі мүмкін.

 

5 маусымда түнде Ақмола облысыныңн кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

 

5 маусымда Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

6-7 маусымда түнде өңірдің солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.

 

5 маусымда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

 

5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

6-7 маусымда түнде өңірдің кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

 

5 маусымда Өскеменде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Сол күні Семейде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

5 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус ыстық болады, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

Сол күні Ақтауда түстен кейін найзағай ойнап, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

 

5 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады.

 

5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

 

Сол күні Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

5 маусымда күндіз Түркістан қаласында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

 

5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

 




Көрілген: 797    Пікірлер: 0

жұма, 05.06.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31