Ел жаңалықтары

60 мың теңге жалақы: Елімізде балабақша педагогтерінің жалақысы неге аз?

  • 60 мың теңге жалақы: Елімізде балабақша педагогтерінің жалақысы неге аз?

    60 мың теңге жалақы: Елімізде балабақша педагогтерінің жалақысы неге аз?

Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын уақыт салып 25 пайызға көтереді. Алайда мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтіндердің айлығы. Оның ішінде педагог емес, қосымшы іспен айналысатн 100 мың маман кедейдің кедейі болып қалып отыр. 

Бұл туралы "Апта" бағдарламасында айтылды.

Балабақшалардың 60 пайызы мемлекет қарамағында. Демек, ақылға қонбайтын айлық берілуіне мемлекет ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге ІЖӨ-нің 0,3 пайызы ғана жұмсалады. 

Өте төмен жалақы алатындардың көпшілігі -  әйелдер. Бұл салада 191 мың адам жұмыс істесе, соның 165 мыңы әйелдер. 

Санитарлық қызмет, еден жуу секілді жұмыстар да төмен бағаланады. Мәселе, әйелдерде емес, еңбектің дұрыс бағаланбауында. 

"Айлығым 75 мың теңге. 50 мың теңге несие төлеймін. 20 мың теңге оқуыма төлеймін. Қалған 5 мың теңге жүріп-тұруыма кетеді", - дейді мектепке дейінгі мекеме қызметкері Тұрсынай Әлжаппарова.

Тұрсынай Әлжаппарова бір ай бойы 5 мың теңгеге тіршілік етеді. 

Бұған дейін Дариға Назарбаева жеке меншік балабақшадағы педагогтердің төмен жалақысын мәселе етіп көтерді. 

Жекеменшік балабақшаға мемлекеттік тапсрыс беретін жергілікті әкімдіктер оның мөлшерін өздері белгілейді. 


Қазақстанда кедейлер саны өскен

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жүріп, қанша табуға болады: Жұмыс орындарына шолу

"Жалданып жұмыс істейтін секторды алып қарасақ, 74 пайыз әйелдер, 24 пайыз ер азаматтар жұмыс істейді екен", - деді сарапшы Шолпан Әйтенова. 

"80 мың жалақы алам. Пәтер жалдап тұрамын. Балам бар. Аз ғана сомасын үй алуға жинап жатырмын", - деді балабақша тәрбиешісінің көмекшісі Сәуле Баймағамбетова. 

Білім саласындағы жалақының төмендігі - қаржыландырудың төмендігі дейді мамандар. 

"Бізде мектеп  кәсіпорындары, балабақша кәсіпорындары деген шартты түрде ғана жұмыс істейді. Шындғында олардың құқығын қорғайтын, талабын орындайтын ұйымдар жоқ", - деді әлеуметтанушы Серік Бейсембаев.

Қоғамдқ институттардың осалдығы, қоғамның қыз-келіншектерге деген қортық көзқарасы - отбасы институтының дағдарысы. Осыдан кейін жұмыс істейтін әйел азаматшалардың жағдайы қиын. Кедейлік шеңберінде жүрген 2 млн әйелдің 600 мыңнан астамы жалғыз басты әйелдер дейді мамандар.

Қауіптің алдын алу үшін не істеу керек? Мамандар жағдайы кедейлік шеңберінен аспайтын топтардың жағдайын жасау керек дейді. 

"Ұлттық банкте жұмыс істейтін мамандардың жалақысы орта есеппен 400 мың теңгеден асады. Балабақша қызметкерлері 60 мың теңге алады", - деді сарапшы Шолпан Әйтенова. 

Экономист Бауыржан Ысқақов квазимемлекеттік секторды оңтайландыру арқылы ақша үнемдеуге болады дейді. 

"Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру арқылы ақша үнемдеуге болады. Алайда бұл үлкен ағалардың, көкелердің, "Болашақпен" оқып келгендердің ордасына айналғандықтан олардың жалақысын есептеу кезінде қиындықтарға тап келіп жатады", - дейді маман. 

Қысқасы, оңтайландырудың өзі оңай емес деп отыр. 

Ал Серік Бейсембаев қызметкерлердің өзі талап етпесе, мәселе шешілмейді деген пікірде. 

"Қызметкерлер бас көтеріп, ұжым болып талап айту керек. Былтырға дейін көп балалы аналардың жағдайы жасалған жоқ. Талап қойған соң жоғары жақ тыңдады. Солай талап ету керек", - деді маман.




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31