Ел жаңалықтары

63 жастағы Қарағандылық әже қар көлігін тізгіндеп, мал бағып жүр

  • 63 жастағы Қарағандылық әже қар көлігін тізгіндеп, мал бағып жүр

    63 жастағы Қарағандылық әже қар көлігін тізгіндеп, мал бағып жүр

Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желілерде қарға батпайтын айыр шана техникасын тізгіндеген апаның тірлігі көптішікті тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Әжей Қарағанды қаласынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенде тұрады. Гүлнәр Қылышева 63 жаста. Төрт түлік бағатын жаңашыл апаның қалтасында ұялы телефоны, астында айыршанасы бар. Әже бұл көлігін төңіректі тексеріп, мал бағуға қолданады екен.

Заманауи техниканы жүргізуді 6 жыл бұрын меңгеріп алған. Себебі, аймаққа қар қалың түсетіндіктен, кейде аттың жүруі де қиындап кетеді дейді. Ал, мұндай көлік қар үстінде сырғып зуылдайды, әрі жанар жағар майды да үнемдейді. 

"Үлкен ұлым әкеліп беріп, жүргізесіз бе деп сұрады. Иә жүргізейін, онда тұрған не бар деп мініп алдым. Алдында басқасы болған. Мынау соңғысы басқаларға қарағанда жылдам жүреді. Өзіме ыңғайлы", - дейді "Күміс" алқа иегері Гүлнәр Қылышева.  

Әжей осы бір техникасымен тауда тәулік бойы жүріп, малын қарауды әдетке айналдырған. 30 жасында 6 баласымен жесір қалған ана атқа қонып, жайлаудағы бар шаруаны жалғыз өзі ширатқан. Сол уакыттары күніне 45 бие сауып, халықты қымызбен қамтып отырған кездері де болыпты.  

"Кезінде өз көзіммен көргенім, жерден қойды аттан түспей, көтеріп, өңгеріп әкететін. Әкемнің құрдасы қалжындап ойнаған кезде анашым, 100 келі салмақтағы әкемнің құрдасын көтеріп алып, атына өңгеріп алған екен", - дейді әжейдің ұлы Жарқын Мақажанов.  

Гүлнәр Ләтиқызы отбасындағы 10 қыздың тұңғышы. Сондықтан да болар әкесі қызын қара жұмысқа қаршадайынан баулыған. 13 жасында атқа отырып, сол кездегі совхоздың 700 қойын қоңды қылу үшін жазда жайлап, қыста байлап баққан екен.

Сол қалыптасып қалған әдетпен қария үйдің де, түздің де жұмысын жалғыз өзі тыңдырғанды жақсы кореді. Қазірде ірі қара бағып, баптау оған қиын шаруа емес, керісінше жан рахаты. Тіпті, қақаған қыста бие сауып, қымыз қотару, сиыр сауып, құрт жайып, кептіру оған түк те емес.  

"Елдер ақша төлеп фитнеске барады. Ал менде тегін фитнес. Осыдан артық не керек. Балаларым, қыздарым  үйде отыр, демал дейді. Ал мен агау мынауды сылтауратып, қыстаққа қашып кетемін. Келіндер де қыздар да бар. Бәрін жасау біледі. Бірақ мен бұл жұмыссыз отыра алмаймын. Отырсам жатып ауырып қаламын", - дейді әжей. 

Гүлнәр Қылышева күміс алқа иегері. Алты баласынан 19 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Енді перзенттері жиналып аналарына көлік әпермекші екен. «Бұл мен үшін жаңа сынак, мұны да үйренеміз!» деп отыр, мобилді әже. 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 16:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31