"7-20-25" пен "Баспана хит" борышкерлеріне төлем уақыты үш айға шегеріледі

24 қаңтар 2022, 14:58

Төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен азаматтарға "7-20-25" және "Баспана хит" бағдарламалары бойынша төлем уақыты үш айға кейінге шегеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның тұрақтылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап есептегенде, төлем уақытын 90 күнге кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. 5 сәуірге дейін өсімақы мен айыппұл есептелмейді. 

Төлем уақытын кейінге шегеру үшін банкке тиісті құжаттармен бару қажет. Борышкер қаржылық жағдайының нашарлап кеткенін растауға міндетті. 

Өтінім 10 күн қаралады. Өтінімді 4 сәуірге дейін беруге болады.