7 өңірде дауылды ескерту жарияланды

26 сәуір 2022, 19:00

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап жазды- , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және орталығында желдің екпіні –15-20 м/с.

 

Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні –15-18 м/с.

 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

 

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шаңды дауыл соғады.

 

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні –15-20 м/с.

 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

 

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

 

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

 

Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с.