Зейнеткер белгіленген аралықтықты жарты жылда жүріп өтуді жоспарлап отыр.
Сәрсенбай Қотырашов жаяу сапар кезінде түсірген видеоларын өзінің Instagram-дағы @ulytaumen парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Lada.kz сайтының мәліметінше, қарияның жанында видео түсіріп, оны желіге жүктейтін жас жолсерігі бар.
Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов жаяу марафонды 31 наурыз күні өзінің туған жері Қарағанды облысыныдағы Ұлытау ауылынан бастады. Ол Қазақстанның 17 облысын жаяу жүріп өтпек.
Марафоншы күніне 40 шақырым жүріп өтеді. Көрпе қапта ұйықтап, сапар кезінде асылған ет пен нан жейді. Азық-түліктің қалған қорын арбада сақтайтын көрінеді. Қарағанды облысынан шыққан ол Ақтауға қараша айында жетпек.
72 жастағы Ұлытаулық марафоншы Қарағандыдан Ақтауға жол тартты
08 сәуір 2022, 22:28
