8 наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

01 наурыз 2022, 16:15

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Биыл 8 наурыз мерекесі сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл мереке күні болып саналады.

 

Осыған орай демалыс күні 7 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды. Сол себепті сенбі – 5 наурыз жұмыс күні.

 

Осылайша, Халықаралық әйелдер күнінде Қазақстан халқы үш күн демалады: 6, 7 және 8 наурыз.