9 емен мен 2 қарағашты кесіп тастаған: Алматы тұрғындары Sulpak компаниясының әрекетіне наразылық білдірді

23 қараша 2020, 11:49

Әлеуметік желіде Нұржан Алғасов Sulpak компаниясы көпжылдық 11 ағашты түбімен кесіп тастағанын айтып, наразылық білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушысы экологиялық жағдайдың мәз емес екенін ескере отырып, ағаштарды кесіп тастау ақылға қонбайтынын айтты.

"Алматының экологиясы қатты жақсарып кеткен сияқты. Sulpak компаниясы 9 көпжылдық емен мен 2 қарағашты қалаға қажет емес деп шешіп, оларды кесіп тастапты. Қалада қадағалау органы бар ма? Оған кім және не үшін рұқсат берді? Бұдан былай Сулпакты айналып өтіңіз", - деп жазды ол. 

 
Төлеби өшесі 182 мекен жайы бойынша орналасқан  Sulpak компаниясының ғимаратының алдындағы ағаштарды кесіп тастағанын көрген қала тұрғындары да наразылықтарын жасырмады. Желі қоланушыларының пікірінше, компанияның ерекше қорғауға алынған ағаштарды кесіп тастаудағы басты мақсаты - жарнамалық жазуларын көрсету. Осыған дейін ағаштар жазудың көрінуіне кедергі болып тұрған көрінеді.   

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы түсініктеме берді. 

"Төле би көшесі, 187 мекен-жайы бойынша Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы ағаш кесуге рұқсат бермеген. Бөлім қызметкерлері кесілген ағаштар мен құқық бұзушылардың құрамын анықтау үшін аудан әкімі және Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдерімен бірге жұмыс істейді. Қылмыскерлерді анықтағаннан кейін, біз Алматы полиция департаментімен бірге жауапқа тартамыз. Кейінірек тергеу нәтижелері туралы толық ақпарат береміз", - дейді қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі.