Ел жаңалықтары

9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды: Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде газ баллон толтырғандарға жаза қатаңдатылмақ

  • 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды: Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде газ баллон толтырғандарға жаза қатаңдатылмақ

    9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды: Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде газ баллон толтырғандарға жаза қатаңдатылмақ

Қазақстанда газ баллондарын заңсыз толтыратындарға қатысты жаза күшейтілмек. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері осындай бастама көтерді, деп хабарлайды “КТК” арнасы. 
Жанармай құю бекеттерінде газ баллон толтыруға қатаң шекетеу қойылған. Алайда газ пайдаланушылардың көпшілігі ыдыстарын жанармай құю бекеттерінде толтырады.

Министрлік газ баллонды көп жағдайда тұрмысы төмен отбасылар қолданатынын, әсіресе шалғай ауылдарда тұратындар заңсыз әдіске көп баратынын айтты.Ал газ құюдың бас-қасында жүргендер істегендері заңсыз болса да, көз жұма қарауды әдетке айналдырған. Сұйық отынды оңды-солды толтырып қалтасын қампайтуды үйренген. Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша газ құю бекетіндегілер мыңнан аса ереже бұзған, оларға тоғыз миллион теңгеге жуық айыппұл салыныпты.

 
Заңсыздыққа барғандардың жазасын қатаңдату керек деген төтенше жағдайлар вице-министрі азаматтардың да өз өміріне бейжай қарамауын ескертті.

“Азаматтар тұрмыс газ баллондарын автогаз құю бекетінен толтырмауға тиіс.  Олар рұқсаты бар мекемелердің ғана қызметіне жүгінуі керек. Ал заңсыз газ құюшыларға жазаны қатаңдататын уақыт жетті. Тіпті оларды бас бостандығынан айыру да артық болмайды. Себебі, мұның арты қайғылы жағдайға әкеліп соғуы әбден мүмкін”, – дейді төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев.


 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 00:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31