9 наурыздан бастап Алматыда тегін көшет алуға болады

08 наурыз 2022, 23:50

Тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл аула» науқаны 9-18 наурыз аралығында Алматы тұрғындарының өтінішін қабылдайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі «Жасыл аула» науқанының басталғанын хабарлады. Бұл науқанға көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әр алматылық қатыса алады. Тұрғындардың шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайың сияқты көшеттерді тегін алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, науқан қатысушылары еккен ағашын үш жыл бойы күтіп-баптайтыны туралы міндеттемеге қол қояды.

 

Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына мынандай мәліметтерді жолдау қажет:

 

Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш егілетін орынның нақты мекенжайы;

 

Ағаш егілетін орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

 

Көшет түрі мен саны.

 

Өтініштер 9-18 наурыз аралығында қабылданады. Науқанға қатысушылардың өтініші 19-27 наурыз аралығында қарастырылады. Ал ағаш егу 28 наурыз бен 12 сәуір аралығына жоспарланған.

 

Көшеттерді Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 155а ( «STAMP SERVICE» ЖШС базасы) мекенжайынан алып кетуге болады.