Ел жаңалықтары

«90-шы жылдардағыдай дағдарыс болуы мүмкін» - сарапшы

  • «90-шы жылдардағыдай дағдарыс болуы мүмкін» - сарапшы

    «90-шы жылдардағыдай дағдарыс болуы мүмкін» - сарапшы

Сайлау аяқталғаннан кейін онсыз да бір жылда 15 пайызға құлдыраған теңге тағы да әлсіреп кетуі мүмкін. Тіпті, кейбір сарапшылар Қазақстанды 90-шы жылдардағыдай экономикалық дағдарыс күтіп тұр деп болжайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат, "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйтсе де, билік өкілдері әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан қаржылық қысылтаяңнан алып шығатын бес жылдық бағдарлама ойластырып қойғанын айтады. Ал кей сарапшылар бір доллардың құны 440 теңгеден аспайды деп отыр. Бұл сарапшылардың әзірге оптимистік көзқарасы.

Сарапшы Меруерт Махмұтованың пікірінше, 90-шы жылдардағыдай "ерлер қазаншы, әйелдер базаршы" болып кетуі әбден мүмкін. Бірақ үкімет бұған жол бермес үшін 21 триллион теңге қаражат қарастыратынын қазірден айтып жатыр. Десе де, интервенциясыз ұлттық валюта тым құнсызданып кетуі ықтимал, дейді сарапшы.

Ал АҚШ долларынан бас тартып, Ресей рублімен есептесу мүмкін емес. Өйткені, Еуразия экономикалық одағы аясында Ресейден импортталатын тауардың үлесі 40 пайызды құраса, Қазақстаннан экспортталатын өнім небәрі 8 пайыз шамасында екен.

Меруерт Махмұтованың сөзінше, долларсыздандыру саясатын жүргізу - мұнайды көк қағазбен сататын, ұлттық қордың қаржысын долларлық активтерге салған елге жығылғанға жұдырық болады.

"Құрама штаттарда инагурация өтеді. Байден Ресейге байланысты жаңа санкция салады. Навальныйды уландырғаны үшін. Ол химиялық қаруды пайдаланғаны үшін. Ол химиялық қаруға мүлдем шектеу салынған. Осыған байланысты Ресей экономикасы соның зардабын көреді", - деді экономист Меруерт Махмұтова. 

Ал сарапшы Серік Қозыбаевтың айтуынша, АҚШ-тың Ресейге салатын санкциясы саяси тұлғалармен байланысты болмайды. Бірақ Байденнің бұған дейін Ресей мен Қытайға көзқарасының қатаң болатынын бірнеше рет ескерткені-ақ экономикаға кері әсер ететіні сөзсіз екен. Ал мұнай бағасын ОПЕК елдері мен Ресей өзара тұрақты етіп ұстап тұра алады. Сондықтан, сарапшы, қара алтын құнының бір баррелі 45 долларға шақталуы мүмкін екенін алға тартады .

"Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы келесі жылдың бірінші тоқсанында 430-440 теңге шамасында болады деп ойлаймын. Бас банк оған интервенция жасап қана ұстап тұра алады. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін. Биыл ұлттық банк интервенция жасамағанда рубль секілді теңге де бір жылда 25 пайызға құнсызданып кетуі мүмкін еді ғой", - деді экономист Серік Қозыбаев.

Қайткен күнде де короновирус әсері азаймай, ел экономикасы тұрақтамайды, дейді сарапшы. Ал 2021 жылы әлемдік экономика кемінде 7 триллион доллардан қағылады. Бұл экономикалық сарапшылардың оптимистік болжамы.




Көрілген: 2640    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31