Ел жаңалықтары

91 жастағы қария медициналық көмекті күтпестен өзіне ота жасап тастаған

  • 91 жастағы қария медициналық көмекті күтпестен өзіне ота жасап тастаған

    91 жастағы қария медициналық көмекті күтпестен өзіне ота жасап тастаған

Ленинград облысында 91 жастағы кейуанаға ота жасалуы керек болған. Бірақ қарияның коронавирусты анықтайтын сынақ нәтижелері оң болғандықтан, ол хирургқа бара алмай денесін өзі тіліп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем қызметкері Виктория Шутова ауруынан құтылу үшін ішін өзі кескен егде жастағы науқас туралы айтып берді. Ол сондай-ақ қария қатты ауырудан өзінің денесін өзі кесіп жібергенін айтады. 

 
"Сүйікті қызым, қамбатты немерелерім! Қолыңнан келсе, мені кешіріңдер. Мен мұндай аурумен өмір сүре алмаймын. Мұндай ауырлықты көтеру мен үшін өте қиын болды. Менің жақындарым", - деп жазды қария.

Шутованың айтуынша, әйелге қатерлі ісік диагнозы қойылған, бірақ коронавирус сынағы оң нәтиже бергендіктен жоспарланған операцияны кейінге қалдыруға тура келді. Бұл жағдайда қатерлі ісік асқынуға әкелді.

"Бұл асқынумен өмір сүру сапасы айтарлықтай төмендейді. Жүру, жату, тіпті тыныс алу қиынға соғады. Ал әженің өзі жағдайды жеңілдету үшін хирургиялық араласу – лапароцентез жасайды. Яғни, ол сұйықтықты кетіру үшін іштің алдыңғы қабырғасын жіңішке пышақпен кесіп тастаған", - деп түсіндірді Шутова.

Ленинград облысының денсаулық сақтау комитеті егде жастағы әйелдің жағдайы қазір тұрақты деп бағаланып, ол дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті.




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 22:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31