91 тобынан кеткен AZ алғашқы синглын ұсынды (видео)

04 тамыз 2021, 14:28

Ninety one тобынан бөлініп кеткен рэпер AZ алғашқы синглын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Фанаттар көптен күткен туынды KELED QAITAD деп аталады. AZ алғашқы туындысын аудио-вижуал форматта ұсынуды жөн көрген. 

Сүйіктісінің алғашқы жұмысын алғаш болып Ерке Есмахан қолдады. Ол Instagram-дағы парақшасында оқырмандарынан рэперді қолдауды өтінді.

Ал фанаттар AZ-дің ән әлеміне қайта оралғанына қуанышты.

"Эйзи, саған сәттілік тілеймін. Иглз әрқашан сені қолдайды", "Текст сөз жоқ, әрдайым жаныңдамыз", "Иглздар сені сағынды, тек жоғалмай, жақсы жаңалықпен қуант бізді", "Сен - өте таланттысың, трек - от", "91 тобынан кеткеніңе бір жыл болыпты, енді ұзақ жоғалмай осылай қуантып тұр", - деп тілегін білдірді олар.