Ел жаңалықтары

Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай, басқа қалаға кетіп қалды

  • Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай, басқа қалаға кетіп қалды

    Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай, басқа қалаға кетіп қалды

Қазақстандық "Air Astana" және "FlyArystan" әуе компанияларының үш ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыға қона алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға сәрсенбі, 9 маусым күні болған. "Air Astana" мен "FlyArystan" компанияларының үш ұшағы Алматыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты басқа аэродромдарға қонуға мәжбүр болған. 

Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдағы желдің қайшылығы ұшақтың жерге қонуына кедергі келтірген.

Нәтижесінде "Air Astana" KS 952 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсі Шымкентке, FlyArystan KS 7134 Павлодар – Алматы рейсі Нұр-Сұлтанға, FlyArystan KS 7152 Семей – Алматы рейсі Бішкекке қонды. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, үш рейс те Алматыға жетті.




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31