Ел жаңалықтары

«Ashyq» жобасына 437 бизнес нысаны тартылды

  • «Ashyq» жобасына 437 бизнес нысаны тартылды

    «Ashyq» жобасына 437 бизнес нысаны тартылды

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру жалғасуда. Биыл 26 ақпаннан бастап бұл жоба фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары сияқты қызмет түрлерін ұсынатын объектілерде қолға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтып өткендей, қазіргі кезде жобаға 437 нысан тартылған, қосымшаны 175 000 пайдаланушы жүктеген. Нәтижесінде, тәулігіне 34 000-ға жуық фиксация бар, 347 «қызыл» келуші анықталды.

«Бұл карантиндегі адамдардың өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғанын көрсетеді», - деді М.Шоранов.

«Ashyq» жобасын пайдалана алатын қызмет түрлері кезең-кезеңмен кеңейтілетін болады, 26 сәуірден бастап жоба еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. «Ashyq» жобасын кеңейту кезеңдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13 сәуірдегі қаулысымен бекітілді.

Бұдан басқа, «Ashyq» жобасын енгізу, жобаға жаңа қатысушыларды қосу және объектіде жобаға қатысуға қойылған талаптарды бұзу жағдайы расталса, жобадан шығарып тастау алгоритмдері бекітілді, егер объект 3 күннен артық уақыт бойы келушілерге check-in жүргізбесе, жобаға қатысушыны алып тастау көзделген. Бұл ретте қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға 2 аптадан кейін ғана орала алады.




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 21:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31