Ел жаңалықтары

«Ashyq» қосымшасына басқа нысандарды қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр – ДСМ

  • «Ashyq» қосымшасына басқа нысандарды қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр – ДСМ

    «Ashyq» қосымшасына басқа нысандарды қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр – ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Apple Store-дан «жоғалып кеткен» «Ashyq» қосымшасына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Орталық коммникациялар қызметінде өткен брифингте әзірлеушілерді қолдайтынын айтты. Техникалық ақау жақын күндері жойылуы керек. Бірақ мұндай бұзушылық бизнес нысандарына әсер етпейді. Керісінше, кез келген жаңашылдық сервистерді дамытуға, эволюцияға итермелейді.

«Бұл бағдарламаны жүктеп алғандар оны бұрынғыдай пайдалана алады. Бұл ретте «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін ұйымдарға барғысы келетін азаматтар жеке куәлігімен өзінің ЖСН-ін ұсына алады. «Күзетші режимі» функциясы бар, ол ЖСН арқылы КВИ нәтижесі оң-теріс екенін білуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл функция жұмыс істеп тұр. Бұл осы ұйымдарға кіруге кедергі келтірмейді», - деді Алексей Цой.

Қосымшаның көрнекі жұмысына мысал ретінде министр көрсеткіштерге тоқталды: қызыл мәртебесі бар 900 адам індетті басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін біле тұра, СОО, кино және мейрамханаларда жүрген. Науқастармен тығыз байланыста болған мәртебесі «сары» тағы 500 адам анықталған. 

Сондықтан қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бизнестің басқа түрлерін іздеп, жалпы, тиімді қосымшаны қолдану аясын кеңейтуде.




Көрілген: 481    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 00:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30