Ел жаңалықтары

Ashyq-тан «көк» түсті мәртебе қандай жағдайда алынып тасталатыны айтылды

  • Ashyq-тан «көк» түсті мәртебе қандай жағдайда алынып тасталатыны айтылды

    Ashyq-тан «көк» түсті мәртебе қандай жағдайда алынып тасталатыны айтылды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Ashyq-тан "көк" түсті мәртебені қашан алып тастауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде, шынымен де, сынақтан оң нәтиже көрсетпеген және қатынаста болмаған жандар үшін "көк" түсті мәртебе бар. Олар Ashyq жүйесіне еркін кіре алады. Қазір біз жүйеге "жасыл" мәртебені енгізіп жатырмыз. Аталған түс тек екі компонентпен вакцинацияланғандар үшін ғана емес, бір компонентті салдырғандар үшін де жанатын болады. Бұл өз кезегінде азаматтарды вакцинациялау мәселелеріне ынталандырады, сонымен қатар бүгінде "көк" түсті мәртебеге ие адамдардың санын азайтады", – деді Есмағамбетова.

Ол вакцинацияның белгілі бір деңгейіне жеткеннен кейін Ashyq-тан "көк" мәртебені алып тастау мәселесі қарастырылатынын түсіндірді.

"Қазір "көк" түсті мәртебені толығымен алып тастау – алдын ала ойланатын шаруа, өйткені бір компонентпен вакцинацияланғандардың саны 5 миллион, демек, қалған 8 миллион "көк" мәртебесінде жүр, ең төменгі мәртебесі "қызыл" және байланыста болғандар ("сары"). Сондықтан қазір біз бұл туралы ешнәрсе айта алмаймыз, бірақ вакциналар санының артуымен біз "көк" мәртебені Ashyq жүйесінен мүлдем алып тастау мүмкіндігін қарастырамыз деп ойлаймын", – деп түйіндеді Есмағамбетова. 




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.07.2021, 23:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30