Ел жаңалықтары

«Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

  • «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

    «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп, үйлер салынып жатыр. Сол үйлердің 20-сын «Nur Otan» партиясы «Birgemiz» қоры арқылы салып беруді ұйғарған.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ауданға арнайы келіп, партия ықпалымен салынатын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Кейін жергілікті тұрғындар мен әкімдіктің сұранысына сәйкес тағы 12 үйдің құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Жалпы, Мақтааралдағы су тасқыны кезінде «Nur Otan» партиясы өкілдері елдің арасынан табылып, зардап шеккен тұрғындарға көмектесті. Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрамында жемісті еңбек етіп, гуманитарлық көмектерді жеткізуді үйлестірді. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» қоры арқылы ауданға қаражат бөлініп, 32 үйдің құрылысы жүргізіліп келеді. Әр үйдің құрылысына 17 млн теңгеден қаралған.

Қазіргі таңда партияның үйлестіруімен салынып жатқан 20 үйдің құрылысы аяқталған. Қалған 12-сінде жұмыс жалғасуда. Жалпы 32 үй де таяу уақытта тұрғындарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 

 




Көрілген: 220    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 12:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31