Covid-19: 298 адамның жағдайы ауыр
41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 21 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
21 қаңтардағы мәлімет бойынша,  25 088 адам короновирус инфекциясынан (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 737 пациент стационарда, 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:
298 адамның жағдайы ауыр;
57 пациенттің жағдайы өте ауыр;
41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.