Ел жаңалықтары

«Cырға таққаным үшін ұрды»: ақтаулық жігіттерден таяқ жеген блогер оқиғаның мән-жайын түсіндірді (ВИДЕО)

  • «Cырға таққаным үшін ұрды»: ақтаулық жігіттерден таяқ жеген блогер оқиғаның мән-жайын түсіндірді (ВИДЕО)

    «Cырға таққаным үшін ұрды»: ақтаулық жігіттерден таяқ жеген блогер оқиғаның мән-жайын түсіндірді (ВИДЕО)

Блогер әрі актер әлеуметтік желіде видео жариялады, онда ол Ақтауда теңіз жағасында жігіттер ұрып кеткенін айтады. Бұл жалған оқиға болып шықты, деп хабарлады Lada.kz. 

"Жігіттер, жаңа ғана төбелестім... Ақтаулық жігіттер келіп, қазақша менің сырғам туралы сұрай бастады. Мен оларға ештеңе айтпадым, артық ешнәрсе істемедім. Олар менің орысша сөйлегеніме, сырға тағып, сәнденгеніме ашуланды", - дейді блогер видеода.

Кейін бұл оқиға жалған екенін мойындады. Оның айтуынша, бұл оның алдағы шығармашылық жобаларының біріне дайындық екен.

"Бәрі жақсы, бұл жәй ғана образ, бұл менің жаңа жобам үшін еді, оны жақын арада көресіздер. Ақтаулық жігіттерге келетін болсақ: олар - ең қонақжай адамдардың бірі, оларға рақмет. Мен бұл қалаға алғыс айтамын, Ақтау қаласының барлық тұрғынына, сіздерге алғыс айтамын", - деді ол фолловерлеріне.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді, блогердің кейбір фолловері оның зардап шекпегеніне қуанса, басқалары Ақтау қаласының тұрғындарына деген стереотип көзқарасқа ашуланған. 

"Мен асыра сілтеп отырған шығармын, бірақ менің ойымша, бұл роликті көргеннен кейін көптеген шетелдік турист Маңғыстау облысына барудан бас тартып, демалатын, туристер үшін қауіпсіз басқа жерді таңдайды", - деп жазды қолданушылардың бірі.
 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31