Ел жаңалықтары

Google Translate қазақ тілін дауыс арқылы аудара алады

  • Google Translate қазақ тілін дауыс арқылы аудара алады

    Google Translate қазақ тілін дауыс арқылы аудара алады

Қазақ тіліндегі дыбысты тану Google Translate мобильдік қосымшасында 6.17.0 жаңарту жүйесі жасалғаннан кейін қолжетімді болып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

 «Google қазақ тілін ұғып, не айтқаныңызды түсініп, жазып, аударып бере алады. Ал осы технологияларға қазақ тілін кім түсіндірді екен? Қазақтардан басқа тіліміздің болашағы ешкімге керек жоқ екені барлығымызға мәлім. IT-саласы мен Қазақ тілінің қамын ойлап жүрген қазақтар азаймасын!», - деп жазды ол facebook парақшасында.

Айта кетерлігі, бұл жобаның демеушісі - Beeline компаниясы, ал оны жүзеге асыруға Ұлттық аударма бюросы атсалысқан.

«Тіліміз Google аудармашының дауыс арқылы аудару қызметіне қосылды.

Бұл - біздің Google-мен жүргізген 5 жылдық жұмысымыздың нәтижесі. Ол үшін Google-ге сан мың бет аударма мәтін, қазақ тіліндегі жүздеген сағат аудиожазба, дыбысталған том-том сөздік бердік. Google аударма қызметі - нейро жүйелер негізінде дамып келе жатқан машиналық аударманың ең ілгерісі. Сондықтан тілді сақтау және оны дамыту тұрғысынан бұл аса маңызды оқиға. Жаңалық баршамызға құтты болсын! Осы жобаға атсалысқан барлық әріптестерге алғыс айтамын! Бұл бастамаға демеушілік жасаған Beeline компаниясы мен Анар Жұмағұлова ханымға ерекше ризашылық білдіреміз!», - деді Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы.
Қазақ тіліндегі дыбысты тану Google Translate мобильдік қосымшасында 22 ақпанда шығарылған 6.17.0 жаңарту жүйесі жасалғаннан кейін қолжетімді болып отыр. Бұл туралы App Store-дағы «Не жаңалық» бөлімінде жазылған.

Айта кетейік, қазақ тілінен дауыстық аударма Google Translate десктоп-нұсқасында әлі пайда болған жоқ. Google Translate-те қазақ тілінен дауыстық аударманың пайда болатыны туралы ақпарат 2017 жылы хабарланған еді. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына осы жобаға 4 млн теңге бөлген демеуші есебінен қосу жоспарланған еді.

Ал Google Translate жүйесіне қазақ тілінің мәтіндік аудармасы 2014 жылдың желтоқсан айында қосылды.




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30